Тәліптер мемлекеттік қызметкерлерге сақал өсіруді міндеттеді

2538
Adyrna.kz Telegram
Фото: rus.azathabar.com
Фото: rus.azathabar.com

Ауғанстандағы билікті қолына алған «Талибан» қозғалысы жергілікті мемлекеттік қызметкерлерді жаңа дресс-кодты сақтауға және сақал өсіруге міндеттеді. Талапты орындамаған шенеунік жұмыстан шығарылады деп хабарлады ”Адырна”ұлттық порталы Reuters-ке сілтеме жасап.

Жаңа ережелерге сәйкес, Ауғанстандағы шенеуніктер сақал өсіріп, киім кию нормаларына қатаң сәйкес келуі керек: тюрбан немесе шляпа, ұзын көйлек пен кең шалбар кию.

Басылымның мәліметінше, өткен дүйсенбіде тәліптер мемлекеттік органдар ғимараттарында кезекшілік етіп, шенеуніктер киімінің нормаға сәйкестігін тексерген. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік қызметкерлер уақытында құлшылық жасауы керек, мұны да тәліптер мұқият тексереді.

Айта кетейік, «Талибан» қозғалысы Ауғанстан билігін өз қолына былтыр тамыз айында алған болатын.

Адырна” ұлттық  порталы

Пікірлер