Алматыда тағы да өрт шықты

2260
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласындағы Дулати көшесінде, экокөпірден жоғары орналасқан Алмаарасан шатқалында өрт болды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт оқиғасы орнына Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің табиғи өртті сөндіру жасағы, сондай-ақ Іле Алатауы Ұлттық саябағының қызметкерлері жіберілген. Тау бөктерінің биік болуы себепті өрт сөндірушілер өрт ошағына жаяу барған.

Оқиға орнына келіп жеткенде, ондағы қураған шөп, бұта өртеніп жатқаны анықталды. Қолданған шаралардың арқасында жалын бір сағатқа жетпей сөндірілді, өрт 5 шаршы метр аумаққа тараған.

Өртпен күрес жұмыстарына Іле Алатауы Ұлттық саябағының 24 қызметкері, 4 техника,  төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер