Шымкентте тұрғын үйден өрт шықты

105
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
5 қазан күні Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қызыл жалын салдарынан Әл-Фараби ауданына қарасты тұрғын үйден бес адам эвакуацияланды.

"ТЖД қызметкерлері көрші пәтерлерден баспалдақ маршымен 5 адамды, оның ішінде 4 баланы қолмен көтеріп алып шықты. Өрт 16 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Пікірлер