«Үміт артқандар алғашқы айналымнан ұшты»: Бас бапкер біраз боксшының ұлттық құрамадан кететінін айтты

7393
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Токио Олимпиадасын қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, елде мықты резерв бар. Енді солардың әлеуетін пайдалану керек. Ал, құрамада жүрген жігіттердің кейбірі кәсіпқой мансабын аяқтайды.

«Кейбірі кәсіпқой боксқа ауысады. Ұлттық құрама жазғы ойындардан 1 алтын, 1 күміс және 1 қола алуды жоспарлады. Бірақ үміт артқан жігіттер алғашқы айналымдардан ұшты. Осы тұрғыда төрешілердің жұмысына да біраз сұрақ бар. Себебі, олар компьютерлік технология бойынша кездейсоқ таңдалды. Кейбірі дайындықсыз келді. Тіпті ағылшын тілін білмейтіндері де бар. Соның салдарынан әртүрлі келеңсіздіктер орын алып жатты. Қалай болғанда да енді есті жинап, қателіктерді түзеп, алдағы Олимпиадаға дұрыстап дайындалу керек», - деді бас бапкер.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер