Зал ашу үшін. Боксшы олимпиадан кейінгі сыйлықты сатылымға шығарды

106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hEwGS08HcDLwJoZtNmGISmF1QsFOV5SQa5jOqXiQ.jpg

Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай маңызды шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Танымал спортшы олимпиадалық жетістігі үшін сыйға алған автокөлікті сатуға қойғанын әлеуметтік желіде хабарлады.

Боксшының айтуынша, бұл шешім оның көптен бергі арманы – жеке бокс залын ашу мақсатымен байланысты. Ол 2025 жылға қойған жоспарларының басым бөлігі жүзеге асқанын атап өтті.

«Үш негізгі мақсатым болды. Біріншісі – үш дүркін әлем чемпионы атану, екіншісі – отбасыма үлкен үй алып беру, үшіншісі – бокс залын ашу. Қазіргі уақытта осының екеуі орындалды», – деді Назым Қызайбай.

Спортшы бокс залына арналған ғимаратты алдын ала қарап қойғанын және автокөліктің техникалық жағдайы жақсы екенін айтты. Дегенмен ол арманына жету жолында бұл сыйлықпен қоштасуға дайын екенін жеткізді.

Пікірлер