Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов әлем кубогы кезеңінде алтын алды

113
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Edn5ychj2ab8IFVkOZknX3krQWOOTAGHhPkPZfYn.jpg

Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы юниорлар арасындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Адырна".

Жартылай финалда ол алаң иесі Камронбек Исмоиловты (Өзбекстан) 15:6 есебімен жеңді.

Ал шешуші сында Кирилл Проходов Тайбэй өкілі Чень Бин-Юннан басым түсіп, кездесуді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтады.

 

 

Пікірлер