Қазақстан мен "Қайрат" құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА нұсқасы бойынша биылғы маусымның Чемпиондар лигасының үздік қақпашылар рейтингісінде төртінші орыннан көрінді, деп хабарлайды "Адырна".

УЕФА мәліметінше, Анарбеков төрт матч өткізіп, қақпаға алты гол жіберді, ал бір матч бойында бір де бір гол кіргізбей, қақпаны таза сақтап қалған. Қақпашы барлығы 27 сейв жасады.
Кипр "Пафосының" қақпашысы Неофитос Михаил онымен бір позицияны бөлісіп тұр, оның да нәтижелері Темірланмен бірдей.
Ұқсас жаңалықтар