Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға сотталды

276
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UPkLd9qhNpubM2QwhZ8M1QBTYWuWokSExJWmjKP9.jpg

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды, деп хабарлайды “Адырна”.

Іс материалдарында айыпталушының биыл қыркүйек айында Ұлттық ұланның үш әскери қызметкеріне күш қолданғаны айтылады. Ол кешкі сағат 21.00 шамасында дәмхана маңында тоқтатқан патрульдердің сұрақтарына балағат сөзбен жауап беріп, күш көрсеткен.

Атап айтқанда біреуін кеудесінен итерсе, наряд бастығын иығынан қағып жіберген.

Ал үшіншісінің көзінен ұрған.

Павлодар соты спортшыны кінәлі деп тану туралы қаулы шығарып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Дәулет Шабанбай жазасын орта қауіпсіздікке ие мекемеде өтейтін болады.

 

Пікірлер