Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 40 мыңнан астам мұқтаж отбасыға тегін ет таратылды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы сілтеме жасап "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.
Республика бойныша qurban2021.kz сайты арқылы 2 132 адам құрбандық шалуға онлайн тапсырыс берген екен. Жалпы саны - 7 670 мал сойылған. Оның 6740-ы қой, 603-і ірі қара, 318 -і ешкі, 9-ы түйе. Осылайша жағдайы төмен 40156 отбасыға құрбандық еті жеткізілді. Індет өршіп тұрғандықтан, биыл да құрбандық шалуда шектеулер болды. Атап айтқанда, "жасыл" аймақтағы рұқсат берілген қасапханаларда құрбандық әдеттегідей, ал "сары" аймақтарда онлайн форматта шалынды. Бұлардың бәріне Ashyq қосымшасы енгізілген. Ал "қызыл" аймақтағылар үшін арнайы сайт іске қосылған еді.
Онлайн құрбандық галу статистикасы әлі де өсуі мүмкін. Өйткені Құрбан айттың екінші күнгі деректер жоғарыдағыдай.
"Адырна" ұлттық порталы