Із-түзсіз жоғалған отбасы. Екі адамның мәйіті табылды — БАҚ

438
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cgMWkMUesgBFQFIxzVePSEUOT7T0CjFDFLKSSiDA.webp

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты іс туралы бірнеше деректер белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БАҚ таратқан дерекке сүйенсек, екі адамның мәйіті табылған. Қаза тапқандарды өлтіріп, шаруашылық мақсаттағы құрылыстың ішінде жасырын жерлеген болуы мүмкін екені айтылуда.

Қазіргі таңда оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалған. Қаза тапқандардың жеке басы әзірге ресми түрде расталған жоқ. Алайда алдын ала деректерге сәйкес, олар жоғалған отбасының жасы үлкен мүшелері болуы ықтимал.

Сонымен қатар бейресми дереккөздерде бұл қылмысқа жоғалған отбасының күйеу баласының қатысы болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Алайда полиция бұл ақпаратты растаған жоқ және оны тек нұсқалардың бірі ретінде қарастырып отыр.

Журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында бейне жариялап, іс туралы ақпаратты бөлісті.

"Атырау облысының Жангелді ауылында екі адамның денесі табылды. Олар із-түссіз жоғалған отбасының мүшелері — отағасы мен әйелі болып шықты. Мәйіттер сол ауылдағы қорадан табылған.

Бұл туралы марқұмдардың қарындасы Әсилә Мұқанғалиева хабарлады", - делінген журналист жазбасында.

Пікірлер