«Самұрық-Қазына» төрағасы үш жылда қанша тапқанын жариялады

297
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RLOwlPwHWu0UqHxv9DTpGEtbMhQLyDJWKLJishvs.jpg

«Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингінің басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2022–2024 жылдар аралығындағы табысы туралы декларациясын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Декларацияда оның 805 млн теңгеден астам табыс тапқаны көрсетілген. 

Декларацияға сәйкес, ол 2022 жылы 422 182 000 теңге, 2023 жылы 186 543 551 теңге, 2024 жылы 197 259 412 теңге тапқан.

Осылайша, Жақыпов үш жыл ішінде жалпы 805 млн 985 мың теңге табыс тапқан. 47 жастағы Нұрлан Жақыпов  2023 жылдың көктемінде «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорын басқаруға тағайындалған.

Холдингтің даму және приватизация бойынша басқарушы директоры, басқарма мүшесі Салтанат Сәтжан 2024 жылы 8 273 745 теңге тапқан.

Сонымен қатар, Қытайдағы қор өкілдігінің басшысы Сәкен Мұратұлының жұбайы Гүлнұр Нұркеева 2024 жылы 96 314 355 теңге табыс тапқанын декларацияға енгізген.

Пікірлер