«Адамды емес итті зорлаған». Иә, қате оқымадыңыз. Бұл сұмдық жағдай Тараз қаласында орын алған. «Ақтөс» қорының еріктілеріне тиесілі инстаграм желісіне қала тұрғыны ауласындағы иттің зорланғаны туралы ақпарат берген.
Бұл сұмдық оқиға бойынша «Адырна» ұлттық порталының тілшісі «Ақтөс» қорының еріктілерімен тілдесіп мән-жайды анықтауға тырысты.
«Біздің үйдің ауласында жап-жақсы ит паналайтын. Тіпті, оған ыңғайлы болсын деп гараждың артын кішкене үйшік жасап бердік. Екі апта бұрын гараж жақтан қатты дауысты естідік. Барсақ қаңғысбас-зоофилдің итті зорлап жатқанын көрдік. Біз оны қуып жіберуге қана тырысқанымызбен, күніге кешке келіп алады. Ал таңертең итке қарауға қорқасыз. Біз учаскелік полиция қызметкерін шақырдық, бірақ келмейді. Сонымен қатар, учаскелік полиция қызметкері итті атып тастаймын деп қорқытты».
Қорланған итті атқаннан не пайда? Нағыз атылуы керек үйсіз әлі күнге дейін бос жүрсе?
Қала тұрғыны өз аты-жөнін жасыруды қалаған, Себебі, итті зорлаған айуан ұсталмаса, отбасына немесе өзіне бір зияны тие ме деп қорқады.
« Қылмыскер ұсталмаса, бізге қиянат көрсетеді деп қатты қорқамыз. Себебі, сол оқиға болған күні оны қуып жібергенбіз. Ол өте ашулы болды. Қорқынышты... Учаскелік келіп, бомждың сөмкесін лақтырып тастады. Айуан табылады деген үміттеміз»,- деді куәгер.
Қызығы, осы оқиғада куәгер болса да, құзырлы орган:
«Аталған әкімшілік учаскеде полицияның күндізгі және түнгі нарядтары күшейтілді. Жануарларға қатыгездік фактісі анықталған жоқ. Бұл факт бойынша нақты дәлелдер мен куәгерлер жоқ», — деген болатын.
«Ақтөс» қоры жетекшісінің айтуынша, ешкім ешкімді жазаламайды. Себебі, іс бойынша арыз 8 маусым күні хабарланған.
«Ешкім жазаланбайды. Оның үстіне, бомж. Өтініш 8 маусымда келіп түсті, әлі ештеңе жасалмады. Итті қанша уақыт қорлағанын елестетіп көріңіз»,-деді қор президенті Ирина Келлер.
Әлеуметтік желімен қоса, Тараз қаласының тұрғындары инстаграм желісінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Тараз қаласы полиция басқармасының инстаграм аккаунттарын белгілеп, бұл сұмдық жағдайдың аяқсыз қалмауын қадағалауға өтініш тастап, өз пікірлерін жаудырды.
«2021 жылы 8 маусымда полицияға облыс орталығының тұрғынынан Қойгелді батыр көшесіндегі гараждардың артында орналасқан, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға шара қолдану туралы өтініш түсті.
Іс материалдары Тараз қалалық полиция бөлімінің 1 полиция бөлімінде тіркелді.
Аталған факт бойынша полиция қажетті тексеру шараларының кешенін жүргізуде. Сондай-ақ, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдануда»,- деп мәлімдеді Тараз қалалық полиция басқармасы.
«Ақтөс» қорымен байланысқа шыққанымызда, қазір ит қауіпсіз жерде екенін хабарлады.
«Инстаграм желісіне осындай жантүршігерлік хабар келген соң, дереу оқиға орнына барып, итті өзімізбен алып кеттік. Видеосы да бар. Ит «ұрғашы». Аты Найда. Қазір жағдайы жақсы. Иммунитет көтеретін витаминдер беріп жатырмыз. Аппетиті қалыпты»,- деді қор басшысы.
Бүгін жануарларға қиянат көрсетіп, зорлаған адам ертең бүлдіршіндерге тиіспесіне кім кепілдік бола алады?
«Бірінші жануар, кейін адам. Алдымен әлсізінен бастайды. Барлық адам өлтірушілер практиканы жануардан бастайды»,- деді Ирина Келлер.
Естеріңізде болса, осыдан 9 ай бұрын елорда еріктілері зорланған 4 итті тапқанын мәлімдеген болатын. Хабарлауынша, иттердің жыныс мүшесіне ойдай зақым келген.
Сорақысы, 4 иттің де бір уақытта зорланғаны белгілі болды. Бұл қылмыс «Астана Ветсервис» мекемесіне қарасты иесіз жануарларға арналған изоляторда орын алған. Зорланған иттердің видеосы зоофилдерге сатылған болуы мүмкін.
Інжу ӨМІРЗАҚ,
«Адырна» ұлттық порталы