Таразда полицей қызметкері суға тұншығып қалған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Екі жасар сәбиді құтқару сәтін көмекке асыққан қызметкердің видеокамерасы түсіріп алған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бала Айша бибі көшесінің бойымен ағып жатқан каналға құлап кеткен.
Баланы судан өтіп бара жатқан адам алып шыққан. Жедел жәрдем келгенге дейін патруль қызметкері нәрестеге 10 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жасады.
«Бала мүлдем тыныс алмай жатса да, мен соңына дейін күрестім, тоқтаусыз жүрекке массаж жасадым, бізге үйреткен барлық дағдыларды қолдандым және бір керемет жағдай орын алып, өкпеден су шықты, бала дем ала бастады», - деді Тараз қаласы бойынша ПД инспекторы Дәурен Қолқаев.
Екі жасар бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.