Таразда үш баланы атып кетті

4299
Adyrna.kz Telegram

Таразда кәмелетке толмаған үш бала оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Жамбыл облысы ДП баспасөз қызметі хабарлады.

"Тараз полиция бөліміне облыстық балалар ауруханасына кәмелетке толмаған үш бала оқ жарақаттарымен жеткізілді деген хабарлама келіп түсті. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қылмысқа күдікті анықталып, қамауға алынды. Кәмелетке толмағандардың денсаулығының жағдайы тұрақты, олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, істің егжей-тегжейі тергеу мүдделері айтылмайды, дейді полиция.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер