Киелі Түркістан қаласында аумағы 5 мың шаршы метр болатын, 5 мыңнан астам жамағат бір мезгілде құлшылық ете алатын мешіт салынып жатыр,деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеп.
Сыртқы аумағы 3 мың адамға арналған ғибадат үйінің құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізілуде. Мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, неке сарайы, 180 орындық медресе, кітапхана, асхана бар, спорттық алаңдар, 500 орындық автотұрақ пен ғажайып субұрқақтар салынады деп жоспарлануда.
Былтыр іргетасы қаланған еңселі мешіт – көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіледі.
Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр.
"Адырна" ұлттық порталы