Өзбекстан елі Түркістанда 5 мың орындық мешіт салып жатыр

5597
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/izobrazhenie_2021-04-21_171746.png
Киелі Түркістан қаласында аумағы 5 мың шаршы метр болатын, 5 мыңнан астам жамағат бір мезгілде құлшылық ете алатын мешіт салынып жатыр,деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеп. Сыртқы аумағы 3 мың адамға арналған ғибадат үйінің құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізілуде. Мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, неке сарайы, 180 орындық медресе, кітапхана, асхана бар, спорттық алаңдар, 500 орындық автотұрақ пен ғажайып субұрқақтар салынады деп жоспарлануда. Былтыр іргетасы қаланған еңселі мешіт – көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіледі. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии