Мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келеді

2880
Adyrna.kz Telegram

Лондондағы ICE Futures биржасындағы сауда-саттық кезінде мұнайдың әлемдік бағасы өсуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DailyFX-ке сілтеме жасап.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 67,08 долларды құрайды. Бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы бағадан 0,18 пайызға жоғары.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың электронды саудасы 0,19 пайызға көтеріліп, барреліне 63,58 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы деңгейден 0,1 долларға өсті.

«Вакцинацияның жылдам қарқыны, сондай-ақ пандемиядан азаятын қорқыныш нарыққа тұрақты өсуге жақсы серпін беріп отыр», - дейді Blue Line Futures компаниясының мұнай стратегі Фил Страйбл.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ОПЕК + сәуір айында мұнай өндірісін ұлғайтпау туралы шешім қабылдағаннан кейін Brent котировкасы бір уақытта 5 пайызға өсті.

Сонымен бірге, Қазақстан картельмен мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге көбейту туралы келісімге келді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер