Атырауда мұнай зауыты өртеніп, жүздеген жұмысшы эвакуацияланды

84
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HPvvS9qceALKg6x6YGQ5px3IcOwOJLIlKyQsU0A0.webp

Фото: petrocouncil.kz

«Теңізшевройл» мұнай компаниясының Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан зауыты өртеніп, жүздеген жұмысшы эвакуацияланды. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» газеті жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Басылымның мәліметінше, өрт 18 қаңтарда таңертең сағат 09:55 шамасында шыққан. Теңіз кен орнындағы үшінші буынға жататын зауыттың 52-учаскесі өртенген.

"От бірінші және екінші генератор арасындағы трансформатор орналасқан аумақта тұтанған", – деп жазды басылым.

Зауыт аумағындағы жүздеген жұмысшы эвакуацияланған. Баспасөз барлығы 473 адам шығарылғаны туралы мәлімет таратты. Өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге жарияланбады. Өрт толықтай сөндірілді.

«Теңізшевройл» компаниясына тиесілі зауыттың өртену себебі анықталып жатыр. 

Пікірлер