Лондондағы ICE Futures биржасындағы сауда-саттық кезінде мұнайдың әлемдік бағасы өсуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DailyFX-ке сілтеме жасап.
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 67,08 долларды құрайды. Бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы бағадан 0,18 пайызға жоғары.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың электронды саудасы 0,19 пайызға көтеріліп, барреліне 63,58 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы деңгейден 0,1 долларға өсті.
«Вакцинацияның жылдам қарқыны, сондай-ақ пандемиядан азаятын қорқыныш нарыққа тұрақты өсуге жақсы серпін беріп отыр», - дейді Blue Line Futures компаниясының мұнай стратегі Фил Страйбл.Бұған дейін хабарлағанымыздай, ОПЕК + сәуір айында мұнай өндірісін ұлғайтпау туралы шешім қабылдағаннан кейін Brent котировкасы бір уақытта 5 пайызға өсті. Сонымен бірге, Қазақстан картельмен мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге көбейту туралы келісімге келді.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The National Commission recommends strengthening measures to prevent children and adolescents from being left unattended