Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Ахметжанов Марат Мұратұлы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалсын», - делінген Президент жарлығында.
Ол Бас прокурордың орынбасары қызметінен босатылды.
Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен кетті.
Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы бастады, содан кейін Теміртау прокуратурасында тергеуші болып жұмыс істеді.
1993-1996 жылдары - Бас прокуратураның жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы прокуратураның ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның ерекше қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
1996-1997 жылдары - Мемлекеттік тергеу комитетінің ерекше қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, Мемлекеттік тергеу комитеті әскери тергеу басқармасы бөлімінің бастығы.
1997-1998 - Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу басқармасы бөлімінің бастығы.
1998-2001 жылдары - Әділет министрлігі Тергеу департаменті директорының орынбасары және Сот шешімдерін орындау комитеті төрағасының орынбасары.
2001 жылы - Бас прокуратураның тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы.
2003 жылдан 2006 жылға дейін - Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жылдары - Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012 жылы - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жылдары - Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы.
2016 жылдың 2 маусымынан бастап Қазақстан Бас Прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді.
"Адырна" ұлттық порталы