Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысы тағайындалды

5793
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/izobrazhenie_2021-04-16_143854.png
Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Ахметжанов Марат Мұратұлы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалсын», - делінген Президент жарлығында.
Ол Бас прокурордың орынбасары қызметінен босатылды. Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен кетті. Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы бастады, содан кейін Теміртау прокуратурасында тергеуші болып жұмыс істеді. 1993-1996 жылдары - Бас прокуратураның жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы прокуратураның ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның ерекше қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы. 1996-1997 жылдары - Мемлекеттік тергеу комитетінің ерекше қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, Мемлекеттік тергеу комитеті әскери тергеу басқармасы бөлімінің бастығы. 1997-1998 - Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу басқармасы бөлімінің бастығы. 1998-2001 жылдары - Әділет министрлігі Тергеу департаменті директорының орынбасары және Сот шешімдерін орындау комитеті төрағасының орынбасары. 2001 жылы - Бас прокуратураның тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы. 2003 жылдан 2006 жылға дейін - Павлодар облысының прокуроры. 2006-2009 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры. 2009-2012 жылдары - Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы. 2012 жылы - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары. 2014-2016 жылдары - Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы. 2016 жылдың 2 маусымынан бастап Қазақстан Бас Прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді.

"Адырна" ұлттық порталы

댓글
기타 기사