"Жалғызбасты бес балалы анаға өз үйімді беремін"

3961
Adyrna.kz Telegram

Фейсбук әлеуметтік желісінде Тұрарбек Құсайынов өзі тұрып жатқан 1 бөлмелі үйін, жалғызбасты бес балалы анаға беремін деп жазба қалдырды. Осыған дейін «Ақ сенім»  қайырымдылық қоры науқас баламды пайдаланды деп хабарласқан Ағайша Бесенбаеваны  күні ертең  бес баласымен  жалдамалы пәтерден шығарып жіберуі мүмкін, дейді Құсайынов.

Бес баласы бар (оның күйеуі ауыратын) жалғызбасты ана Ағайша Бесенбаеваның қиын әрі қайғылы тағдырын әлеуметтік желіде жариялаған  мақала мен журналист Ораз Әлімбеков ағамыздың постын оқып, қатты қиналдым, жаным ашып, жүрегім ауырып кетті. Оларды ертең жалдамалы пәтерден шығарып жібереді екен. Сонда алты жан далада қаңғып қалайын деп тұр. Осы жағдайды естіп, тыпыршып, орнымда отыра алмадым, шыдай алмай кеттім. Сол үшін өзім тұрып жатқан бір бөлмелі пәтерімді, бес балалы анаға үй тапқанша тегін беремін деп шешім қабылдадым.

Өзім достарымның үйіне ме, әлде арзан хостелге ме барып тұра берем. Ең бастысы, бес бүлдіршін, жалғызбасты ана жыламасыншы, жылатпайықшы. Қазір Ағайшаға хабарласып осы ұсынысымды айтып жатырмын.

                                                         Эльмира Көшекбай

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер