“Біз батырларды елге қайтарып жатырмыз”. “Азовсталь” командирлері Украинаға қайтарылды

2671
Adyrna.kz Telegram

“Азовстальді” қорғауда тұтқынға түскен әскери қызметкерлер Украинаға оралды, деп хабарлайды “Адырна”.

Украина президенті Владимир Зеленский телеграм-парақшасында Ресей Мариупольді басып алғанда тұтқынға түсуге мәжбүр болған бес әскери қызметкердің Украинаға оралғаны туралы мәлімдеме жасады. Оларды әуежайдан күтіп алып, бірге түскен фото-видеосын да жариялаған. “Біз батырларымызды елге қайтарып жатырмыз” деген ол.

Алайда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков командирлердің елге оралуына қатысты пікір білдірді. Ол Азовстальдан Украинаға оралғандардың әрекетін Мәскеу, Киев және Анкара арасындағы «келісімнің бұзылуы» деп атады.

Хатшының сөзінше, «Азовсталь» командирлерінің Украинаға оралғаны туралы ресейлік тарапқа ештеңе хабарланбаған. Нәтижесінде екі тарап та шартты бұзғаны айтылды:
«Қайтару шарттарын түрік тарапы да, Киев те бұзды. Келісімдерге сәйкес, Азов жетекшілері қақтығыс аяқталғанша Түркияда қалуы керек еді », - деді Песков РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.

Сондай-ақ, сенбі күні Украина басшысы Владимир Зеленский өзінің Telegram-арнасында Азовстальді қорғаған әскерилермен бірге Түркиядан оралатыны туралы жазған еді.

Соғыс соңына дейін тұтқындағы азаматтар Түркияда қауіпсіз жерде болуы тиіс еді. Алайда мемлекет басшыларының өзара келісімімен мерзімнен бұрын “Азов” командирлерін елге қайтару мүмкін болған.

Пікірлер