Баспанаға қол жеткізе алмай отырған халыққа бұл тағы да жайсыз тиетін болды. Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады. Тұрғын үй бағасының қымбаттауының бірнеше себептері бар. Оның ең бастысы мыналар:
- Қазақстанға Қытай мен Ресейден жекізілетін құрылыс материалдарының бағасы артты. Оның ішінде есіктердің бағасы 30 %, кабельдердің бағасы 25%, басқа да құрылыс материалдарының бағасы 14-15% артып кетті. Құрылыс саласындағы отандық компаниялар аталған өнімдердің ешбірі де Қазақстанда өндірілмейді, сондықтан да жеткізуі бар, сатып алуы бар, мұның барлығы қымбатқа түседі. Үйдің бағасының артуына бұл да себепші болды деп түсіндіреді.
- ҚР Зейнетақы қорындағы ақшаның халыққа таратылуынан деп түсіндіреді. Зейнетақы қорында жиналған қаражатты таратудың салдары үйдің де, басқа да саладағы қолданыстағы заттардың бағасының көтеріліп кетуіне себепші болды дейді.
Аталған осы себептерге байланысты тұрғын үй бағасы да қымбаттап жатыр.
Ал, отандық құрылыс компаниясы ORDA Invest –тің төрағасы Шалхар Талипов та құрылыс бағасының артқанын растап отыр. Бірақ, оның айтуынша бұл жағдайдың тиімді жақтары да бар екен.
"Құрылыс материалдарының бағасының артқаны отандық құрылыс материалдарын өндіруге сұранысты арттырып, нәтижесінде өзіміздің отандық құрылыс материалдарын шығару мен бәсеке нарығы қалыптасады. Қазір елімізде газоблок, кірпіш шығару қарқынды жүріп жатыр" дейді, ORDA Invest компаниясының төрағасы Шалхар Талипов.
Қалай болғанда да ел тұрғындарының ең басты мәселесі - баспана мәселесі болып тұрғаны рас. Қазіргі кризис кезінде, бағаның өсіп, жалақының мардымсыз, теңгенің инфляцияға ұшыраған уақытында тұрғын үй бағасының қымбаттап кетуі сіз бен бізге жақсы болмасы анық.
Бекболат ҚАРЖАН,
«Адырна» ұлттық порталы