Украина Қорғаныс күштері Каспий теңізінде Ресейдің «Лукойл» компаниясына тиесілі үш бұрғылау қондырғысына соққы жасады. Бұл туралы Украина Қарулы күштері Бас штабы Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Бұл нысандар Ресей армиясын қамтамасыз етуге пайдаланылған. Тиген соққылар расталды, келтірілген шығын көлемі нақтылануда.
Сондай-ақ Луганск облысындағы уақытша оккупацияланған аумақта Бараничево маңында «Бук-М3» әуе шабуылына қарсы зымыран кешенінің ұшыру қондырғысы жойылды. Алдын ала мәлімет бойынша, соққылар дәл тиген.
Бұдан бөлек, Херсон облысындағы Новотроицкое елді мекені маңында Ресей армиясының материалдық-техникалық қамтамасыз ету қоймасына соққы берілді.
Украина Қарулы күштері Ресей әскерінің әскери-экономикалық және шабуыл мүмкіндіктерін әлсірету бағытындағы операцияларын жалғастырып жатыр.