Ибраһим келісіміне қадам. Нетаньяху Қазақстанға риза екенін айтты

153
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Nmez9v1uxhwXGzWFCBibYx6jonBzKwzOjickmcn5.jpg

10 қаңтар күні Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы көпжылдық және сан қырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

Тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.

Бұдан бөлек, Биньямин Нетаньяху Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы туралы шешімі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа айрықша ризашылығын білдірді.

“Израиль Премьер-министрі бұл қадамды бейбітшілік, тұрақтылық пен халықаралық диалогты нығайту ісіндегі батыл әрі көреген шешім ретінде бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Биньямин Нетаньяху байланыстарды жандандыруға, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты”, делінген Ақорда мәлімдемесінде.

Пікірлер