Сәтсіздік мәңгі емес..

2926
Adyrna.kz Telegram

Сәтсіздік кез келген адамның басынан өтеді. Десе де, тосқауылдарға мойымай, соңына дейін күресе білген жандар кемде-кем. «Адырна» ұлттық порталы сәтсіздікті сәттілікке айналдырған танымал тұлғалардың оқиғаларын назарларыңызға ұсынады.

  • Стивен Спилберг - ең табысты режиссерлердің бірі. Ол Оңтүстік Калифорния университетіне түсу үшін үш рет емтихан тапсырып, үшеуінде де «талантсыз» деп бағаланып, өтпей қалған. Жас талант сол кезде өз арманынан бас тартқан жағдайда, біз оның «Шиндлер тізімі», «Қатардағы Райанды құтқару» сынды туындыларын көре алмайтын едік.

 

  • KFC фастфуд желісінің негізін қалаушы Дэвид Сандерс 65 жасында жеке бизнесін бастауға шешім қабылдаған. Ол алғашқы ресторанын ашамын дегенше тауық қанаттарының рецебін жасауда 1009 рет қателескен екен.

 

  • Британдық өнертапқыш Джеймс Дайсон 1993 жылы саңылаусыз шаңсорғышты ойлап тапқан болатын. Ол өнімін нарыққа шығармас бұрын 15 жыл бойы зертханада еңбек етіп, шаңсорғыштың 5127 прототипін жасаған. «5126 сәтсіздіктің әрқайсысы маған бір нәрсе үйретті»,-дейді ол.

 

  • Танымал америкалық баскетболшы Майкл Джордан ХХ ғасырдың 80-жылдары «болашағынан үміт күттіретін» 300 ойыншының тізіміне де кірмеген. Ол допты кәрзеңкеге 9000 мәрте сала алмай, 300-ге жуық ойында жеңіліске ұшыраған. Алайда, Джордан сәтсіздіктерге мойымай, Ұлттық баскетбол қауымдастығының алты дүркін чемпионы атанып, өз мақсатына жете білді.

 

  • «Мен ешқашан жеңілген емеспін. Тек жүзеге аспайтын 10 000 тәсілді байқап көрдім. Табысқа жетудің ең сенімді жолы — тағы бір рет қайталап көру». Бұл - электр шамын ойлап тапқан әйгілі өнертапқыш және кәсіпкер Томас Эдисоннің сөздері. Ғалым сәтсіз әрекеттердің саны бойынша рекорд орнатты. Ол лампаны жетілдіру жолында 10 000 мәрте сынақ жасаған.

Ал сіз мақсатыңызға жету үшін қанша рет әрекет жасадыңыз?

Диана АСАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер