ТМД саммитінде алғыс айтылған Әлиев жиынға қатыспады. Мәскеу қалай қабылдады?

141
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BkYZlTRfRvO4nHxn3KClVsiWPPLqRMmOoTLez6WL.jpg

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) бейресми саммитіне қатыспау туралы шешім қабылдады. Бұл қадам Кремль үшін күтпеген жағдай болмағанын Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна».

Бұған дейін АзерТадж агенттігі Әзербайжан басшысы жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты Санкт-Петербургтегі ТМД-ның бейресми саммитіне қатыса алмайтынын хабарлаған болатын.

Журналистердің «Әлиевтің саммитке келмейтіні Кремль үшін күтпеген жағдай болды ма?» деген сұрағына Песков қысқа жауап берді: «Жоқ».

Ал осы жиында Армения премьер-министрі Никол Пашинян жүк транзитін бұғаттаудан босату жөніндегі шешімі үшін Әзербайжанға алғыс білдірген болатын. Бұған дейін Армения мен Әзербайжан арасындағы араздыққа Ресей себепші болған деп саналып келген. Алайда Армения мен Әзербайжан Американың араласуымен тікелей өз мәселелерін өздері шешіп, Қарабақ дағдарысын реттегелі Мәскеудің орны екінші орынға сырғығандай көрінетін.  

Айта кетейік, бейресми саммит Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы саяси диалог пен ынтымақтастықты талқылауға арналған алаң ретінде өткізіледі. Әзербайжан президентінің бұл жолы жиынға қатыспауы ресми түрде тек жұмыс кестесіне байланысты деп түсіндіріліп отыр. 

Пікірлер