Конституциялық сот отырыстары тікелей эфирден көрсетілмек

327
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qzHjxQBOBIaOv2oHrD4jFeJod2sWabddkDHNKU6N.webp

Өзбекстанның Конституциялық сотында сот отырыстарына онлайн қатысу мүмкіндігін енгізу мен тікелей трансляциялар жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ел президентінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аталған ұсыныстар 17 желтоқсанда мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевке таныстырылған. Шенеуніктер Конституциялық сот қызметін цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударған. Айтуларынша, цифрлық шешімдер – соттың алдағы дамуының негізгі бағыттарының бірі. Атап айтқанда, азаматтар мен кәсіпкерлердің өтініштерін қарау рәсімдерін жеңілдету және оларды қарау мерзімін жеделдету көзделіп отыр.

Сондай-ақ конституциялық шағым институтының тиімділігін арттыру шараларыталқыланды. Ұсынысқа сәйкес, сот қолданған заң Конституцияға сәйкес емес деп танылған жағдайда, бұл сот шешімін қайта қарауға негіз болады.

Айта кетейік, Өзбекстанда әртүрлі деңгейдегі сот отырыстары Жоғарғы сот жүйесі арқылы онлайн режимде көрсетіледі. Сонымен қатар процестерге бейнебайланыс арқылы қатысу мүмкіндігі бар. Ол үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді жүктеп, сот алдын ала ұсынған логин мен құпиясөз арқылы жүйеге тіркелу қажет.

Пікірлер