Қырғыз елшісі Ресейге қосылу туралы мәлімдемеге жауап берді

3478
Adyrna.kz Telegram

Мәскеудегі қырғыз диаспорасының төрағасы, Қырғызстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі, Ресей президенті жанындағы ұлтаралық қарым-қатынастар жөніндегі комиссияның сарапшысы Райымқұл Аттакуров «Правда.ру» порталына берген сұхбатында Қырғыз Республикасының Ресейге қосылуы талқыланып жатқанын айтқан.

Оның сөзінше, Қырғыз Республикасы Совет кезіндегі елдер арасында орыс тіліне мемлекеттік, конституциялық мәртебе беріп отырған жалғыз мемлекет екен.

«Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, Ресей мен Қырғызстанға бірігіп, бірге болу тағдыры жазылған. Талай ғасыр бойғы тарихымыз ортақ, болашақта да осылай бола береді деп сенемін. Қазір көптеген қырғыздар Ресей құрамына қосылуды сұрап, Ресей Федерациясына жүгінгелі жүр», – депті Аттакуров.

«Қырғызстанда шынымен Ресейге қосылу мәселесі қарастырылып жатыр ма?» – деп нақты қойылған сұраққа бұрынғы елші нық сеніммен: «Иә, Қырғызстанда мұндай әңгіме жиі айтылады», – депті. «Қырғызстанда да, осы Мәскеудегі диаспоралық ортада да республиканың Ресей құрамына қосылу қажеттігі жиі көтеріліп, көп талқыланады. Әрине, мұны бас салып бірден жасай алмаймыз. Меніңше, уақыт өте келе, Ресеймен қосылу бағытына қарай жүру керек, өмірдің өзі бізді бірігуге итермелеп отыр, – деп мәлімдеген.

 

Бүгін Қырғыз Республикасының Ресейдегі  елшілігі  «Правда.ру» басылымындағы  мәлімдемеге жауап берді.

"Қырғызстан - тәуелсіз, егеменді мемлекет және  халықаралық қоғамдастастықтың  толыққанды мүшесі. Орыс тілі Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі емес, ресми тілі болып саналады.

Қырғызстан басшлығы еліміздің егемендігін, аумақтық тұтастығын және ұлттық мүдделерін сақтау саясатын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, Қырғызстан мен Ресей қатынасы өзара түсіністік жағынан қарқынды дамып келеді.

Біздің елдерді тарихымыз және  еуразиялық құндылықтар біріктіреді. Қырғызстан мен Ресей - сенімді серіктес", - делінген ресми хабарламада.

Елшілік қоғамдық тәртіпсіздік туғызатын, мемлекет мүддесінне нұқсан келтіретін пікірлерді жариялаудан бас тартуға шақырған.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото ашық дереккөзден алынды

 



								



    
    
Пікірлер