Иранда «Трамп көшесі» пайда болды. АҚШ оң баға берді

522
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3TKcRmeLmH55xgUWOlkIU42alkzVnTuE1U2gmC1R.jpg

Ирандағы режимге қарсы наразылық білдірушілер ел аумағындағы бірнеше көшенің атауын «Дональд Трамп көшесі» деп өзгертті. АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл қадамды Иран халқының еркіндік пен өркендеуге ұмтылысын қолдаудың символы деп атады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз Тегеранда президент Трамптың атымен көшеге атау берген анонимді азаматтың әрекетін жоғары бағалаймыз», — делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері АҚШ Иран халқының ұмтылысын құрметтейтінін және олардың еркіндікке, әл-ауқатқа және мүмкіндіктерге қол жеткізу жолындағы талпыныстарын қолдауға бейілді екенін атап өтті.

Айта кетейік, желтоқсан айының соңында Иранда ұлттық валютаның күрт құнсыздануы аясында жаппай наразылықтар басталған. Олар қауіпсіздік шараларының күшеюімен, соның ішінде көзден жас ағызатын газ бен пневматикалық қарудың қолданылуымен қатар жүрді. Наразылық акциялары елдің 25 провинциясындағы 60-тан астам қаланы қамтыды. Ең ірі шерулер Тегеранда өтті, ал ең қақтығысты жағдайлар елдің батысы мен оңтүстік-батысында — Малекшахи, Керманшах және Лордеган қалаларында тіркелді.

Пікірлер