Эссе: Абай атаның атын өшірмеуіміз керек

5442
Adyrna.kz Telegram

 

Қазақ жерінде қаншама ақын,жазушы,әнші,күйші,палуан ата-апаларымыз бар.Олар біздің даңқымызды асқақтатып «Қазақ» деген рухты әлемге танытты. Соның бірі әдебиет тану білімінің  хас шебері,ақын,ағартушы,қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы,философ, композитор,аудармашы,саяси қайраткер-Абай  Құнанбайұлы атамыз!

Абай ата-1845 жылы соғыз аяқталған жылдары дүниеге келіп,1904 жылы дүниеден озған.Бала кезінен  өлең шығаруға,домбыра тартып ән-күй  шырқағанға әуес болған.Тіптен  қыстыгүні дүниенің ағымен ойнағанды жаздыгүні жазғы салқынмен ойнағанды білмеген.Себебі Абай атамыздың  зейіні тек қана білімде,оқуда болған.

Неткен білімге деген зейін?

Неткен оқуға деген жақсы көзқарас десеңші?Себебі шырақтың мерзімі бітіп сөніп қалсада  қараңғы  жерде де  сонау Пушкиннің кітаптарын бар зейінімен ,бар талапшылдығымен оқып ,үйреніп,білімін одан сайын жетілдірді.

Шіркін,қазіргі таңдада білімге құштар,ақылды, білімпаз балалар қалыптасса ғой!

Абай ата секілді мәнерлетіп,мәнді етіп өлең шығара алмасамда  Абай Құнанбайұлы атамыздың жолып қуғым келеді, яғни  әлемді мойындатқан ақын немесе жазушы ретінде танылғым келеді.Сол себепті Абай атаға арнап өлең-шумақтарын шығарған болатынмын.Ол тек атаға арналғандықтан «Абай атама»деп атадым.

Абай атама

Қара сөзбен  өлеңдерін Абайдың,

Тәрбиенің ордасы деп санаймын.

Түпсіз терең мағыналы өлеңдері,

Жүректі тербеп,лапылдатар  дүниені.

Қара сөзбен мәнерлетіп жеткіздіңіз біздерге,

Сол кездегі тағдырдың тәлкегінде .

Аштықпенен тоқтықты,уайымменен жоқтықты,

Арқаңызда Абай ата білдік бізде.

Ата сенің ұрпағыңбыз,жалғастырар жолыңды,

Өлеңменен жеткіземін қуанышпен мұңымды.

Ешқашанда ұмытпаймыз сізді біз,

Әрқашанда айтылады сізге  деген жылы лебіз.-деп  Абай атамызға шексіз алғысымды білдіргім келеді.

Дүние жүзінде  қаншама ақын,жазушылар болсада,тек қана- Абай өлеңдерінде ғана қазақ даласының ,табиғаты ,қазақ өмірінің шындығы,қазақ халқының сезім-сыры,ұлттық ерекшелік қасиеттері,түгел көрініп,сезіледі.

Абай атамыз нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған  жоқ,сонымен қатар  ол мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берді.Сол себепті біз Абай атамыздың бізге қалдырған мұраларын  еш жоғалтпауымыз тиіс.Керісінше оларды сары майдай сақтап,келешек ұрпақтарымызғада  Абай атаның атын өшірмей жеткізуіміз керек.Яғни  Абай атамыздың бізге,қазақ еліне арналған өлеңдерін тағыды өзі жайлы,қазақ елі жайлы жазылған  45 қара сөзінде жоғалтпауымыз тиіс.

Қазіргі таңда Абай атамызға «175жыл»мерей  тойға байланысты түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда.Тіптен Абай атамызға арнап 10 тамызды «Абай күні»деп аталынды.Себебі 10 тамыз Абай атаның туылған күні.

Біз  10 тамыздыда қазақ елінің  мерекесі деп санаймыз!

 

 

Талшын БИБОЛҚЫЗЫ,

Байзақ ауданы

 

 

 

Пікірлер