Қараусыз үйде қалдырған сәбилер. Тағы да бір үйдің 5 баласы өрттен қаза тапты

2173
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_6146-960x500.jpeg?token=19a41533c1bcac5ae26c22db76f0a4e6

4 маусым күні Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында өрт шықты. Салдарынан бір үйдің бес баласы қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 2019, 2020, 2021, 2023 және 2024 жылдары туған бес бала көз жұмды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар сағат 15:00 шамасында түскен. Бес минуттан кейін құтқарушылар оқиға орнына жеткен.

«Осы уақытта Сағырбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйде 30 шаршы метр аумақта жеке заттар мен жиһаздар жанып жатқан. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде үйден алып шықты», – делінген ТЖД хабарламасында.

Балалар аудандық ауруханаға жеткізілгенмен, өкінішке қарай, көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың өліміне иіс тию, көмірқышқыл газынан улану себеп болған. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, отбасы үйді жалға алып тұрған. Өрт кезінде анасы ауыл дүкенінде жұмыс істеп жүрген, ал әкесі де үйде болмаған.

Қазіргі таңда балалардың өліміне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Пікірлер