Ирандағы наразылық. Қаза тапқандар саны өсіп барады

198
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/f5S6z9qbMKVpM8tTHkA4MKh6XWxzSG6a4AnhLjI1.jpg

Иранда өтіп жатқан жаппай наразылықтар кезінде қаза тапқандар санына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды “Адырна”.

АҚШ-тағы Адам құқықтарын қорғау белсенділерінің жаңалық агенттігінің (HRANA) дерегіне сәйкес, қаза тапқандар саны 116 адамға жеткен. Ислам Республикасындағы наразылық акциялары 14 күннен бері жалғасып келеді.

Қаза тапқандардың арасында қауіпсіздік күштерінің 37 қызметкері, төрт медицина қызметкері және бір прокурор бар. Сонымен қатар 2 600-ден астам адам түрлі жарақат алған, ал ұсталғандардың жалпы саны 2 638 адамнан асқан.

Иран билігі әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар саны туралы ресми ақпарат жариялаған жоқ. Бұған дейін, 10 қаңтар күні HRANA 66 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Пікірлер