Аляскада Bering Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты

1144
Adyrna.kz Telegram
Фото: Bering Air
Фото: Bering Air

АҚШ-тың Аляска штатында Bering Air әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы радардан жоғалып, кейін апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС агенттігіне сілтеп.

Апаттан борттағы 10 адам қаза тапты.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, ұшақ Уналаклит қаласынан Ном қаласына бағыт алған. Бортта 9 жолаушы мен 1 ұшқыш болған. NBC News телеарнасы ұшақтың Ном қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 54,7 км жерде апатқа ұшырағанын хабарлады.

Оқиғаның нақты себептері әлі белгісіз. Қазіргі таңда АҚШ-тың Береговая охранасы апат орнында іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Бұл – АҚШ-та соңғы екі аптада болған үшінші ірі әуе апаты.

Айта кетейік, қаңтар айының соңында Вашингтон маңындағы Потомак өзеніне жолаушылар ұшағы мен тікұшақ құлап, 67 адам қаза тапты. Ақпан айының басында Филадельфияда медициналық эвакуациялық ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам көз жұмды.

Қазіргі таңда Аляскадағы әуе апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Кеше БАҚ бетінде ұшақтың бейсенбі күні Арктикалық шеңбердің оңтүстігіндегі Аляскадағы Нортон Саунд арқылы ұшып бара жатқанда жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер