Өзбекстан АҚШ-қа 2021 жылы ауғандықтар алып қашқан жеті Black Hawk тікұшақтарын қайтарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы golosameriki сайтына сілтеп.
Өзбекстан билігі АҚШ-қа 2021 жылы ауғандық әскери ұшқыштар алып қашқан жеті Black Hawk тікұшағын қайтарды.
Ауғанстан билігін басып алған Талибан бұл әскери техниканы өздеріне қайтаруды талап еткен еді. Бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамп та Ауғанстанда қалған америкалық қару-жарақты қайтаруға шақырған.
Пентагонның мәліметінше, бұл тікұшақтар Талибанның шабуылынан қашқан ауған ұшқыштарымен бірге 2021 жылы Өзбекстанға қонған. АҚШ оларды соңғы күндері кері алып кеткен.
CSIS стратегиялық зерттеу орталығының спутниктік суреттеріне сүйенсек, Талибанның шабуылы кезінде Өзбекстан шекарасында 45-тен астам ауған әскери ұшағы байқалған.
Қазіргі таңда АҚШ-тың бұрынғы әскери техникаларының басым бөлігі Талибанның қолына өткен.