Министрліктің іші «Росатомға» бұрады. Елде АЭС салатын кімдер?

4251
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысатын компаниялар аталды. Олар кімдер, не бітірген, әлеуеті неге жетуі мүмкін? Тиісті министрлік таңдау неге осы компанияларға түскенін жарияламады. АЭС салу референдум арқылы қабылданған шешім болғандықтан, қоғамға оның құрылысы туралы да толық мәлімет берілуі тиіс.

Өткен аптада Қазақстан билігі АЭС құрылысын салуға әлеуетті мердігерлердің соңғы тізімін анықтағаны хабарланды.  

«Қазақстан атомдық электр станциясын салу үшін технология жеткізушілерімен жүргізілген бәсекелестік диалогты аяқтады. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы Қазақстандағы атом электр станциясын салуға арналған технологияларды жеткізушілердің шорт-тізіміне енді. Сондай-ақ, оған кореялық KHNP компаниясы, қытайлық CNNC және француздық EDF компаниялары кірді», - делінген Энергетика министрлігі таратқан ресми хабарламада.

Қазақстан қоғамында санкциядағы Ресей елінің мемлекеттік «Росатом» компаниясы туралы жағымды айтылмайды. Министрлік ресми хабарламада бұл компанияны бірінші атап отыр. Компания басшылығының мәлімдемелеріне қарағанда да мәселе шешіліп қойғандай әсер береді. Бәлкім, бұл компанияның пиар әрекеті шығар. Дегенмен ел ортасында «Росатом» аталса, оған қарсы жеткілікті уәж айтылатыны анық.

Елдегі АЭС салуға ынталы компаниялар кімдер, тәжірибесі қандай, қаншалықты қарымды, бұған дейінгі әлеуеті қандай – осы орайда Қазақстан билігі атаған компаниялар тарихы мен пәрменіне үңіліп көрсек.

Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) Оңтүстік Кореядағы ең ірі электр энергетикалық компаниясы KEPCO-ға толықтай тиесілі еншілес компания. Ол Кореядағы 21 атом электр станциясын (АЭС) және 27 су электр станциясын (СЭС) иеленіп, басқарады.

KHNP – ядролық қуат бойынша әлемде 3-орында. Оның қызметтері зауыттың жобасын жетілдіру мен техникалық көмек көрсетуден бастап, шетелдегі корей АЭС-терін басқаруға дейінгі кең ауқымды жұмыстарды қамтиды. Компанияда шамамен 7 600 қызметкер жұмыс істейді.

KHNP Кореядағы генерация объектілерінің 25 пайызына иелік етеді және елдегі электр энергиясының 34 пайыздан астамын өндіреді.

KHNP компаниясы 2009 жылы  Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) Барака атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша келісімге қол қойған. Бұл келісім аясында KHNP төрт энергоблоктың құрылысын жүргізді. Олардың үшеуі қазіргі уақытта пайдалануға берілген. БАӘ-дегі 4 реакторлы АЭС құны 25 млрд долларға бағаланған. Әрбір реактордың құны шамамен 5-6 млрд долларды құрайды. Сонымен қатар, Польша, Румыния, Словакия және Чехия елдерінде де АЭС салу туралы келісімдерге қол жеткізген.

Аталмыш компания Қазақстандағы құрылыс үшін америкалық технологиямен APR-1400 екі контурлы ядролық реактор салуды ұсынуда. Компания қазақстандық мамандарды атом энергетикасын игеруді үйретуге уәде беруде. KHNP бас менеджері Че Оп Кимнің айтуынша, олар әлем елдерінде салған 26 ядролық реактор жұмыс істеп тұр, тағы бірнешеуінің құрылысы әлі жүріп жатыр.

China National Nuclear Corporation (CNNC) – Қытайдың атом энергетикасы және ядролық қару жасау саласындағы ең ірі компаниясы. Оның қызметіне уран кен орындарын геологиялық зерттеу, уран өндіру және байыту, ядролық отын өндіру, атом электр энергиясын өндіру, Қытайда және шетелде АЭС жобалау және салу, ядролық реакторлар мен әртүрлі энергетикалық жабдықтарды әзірлеу, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу және жою, сондай-ақ ядролық физика саласындағы ғылыми зерттеулер кіреді.  

Компанияны басқару ҚХР Мемлекеттік кеңесіне тікелей бағынады. Штаб-пәтері Пекинде орналасқан.

1955 жылы Қытайда атом өнеркәсібі министрлігі құрылып, екінші машина жасау министрлігі деп аталған. 1988 жылдың күзінде Қытай үкіметі елдің әскери-өнеркәсіптік кешенін жаңарту және халықаралық нарыққа шығу мақсатында бұл министрлікті қайта ұйымдастырып, оны Қытай ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) деп өзгертті.

2014 жылға қарай CNNC 9 реакторы бар 4 АЭС-ті басқарып, қосымша 12 реактордың құрылысын жүргізді. Компанияның құрамында 110 еншілес кәсіпорын жұмыс істеді, ал қызметкерлер саны 100 мың адамға жетті.

CNNC Пәкістанда Чашма АЭС-інің бірнеше энергоблогын салған. Чашма АЭС-інің бірінші энергоблогы 2000 жылы пайдалануға берілсе, екінші энергоблогы 2011 жылы іске қосылды. Үшінші және төртінші энергоблоктар 2016 және 2017 жылдары пайдалануға берілген.

CNNC компаниясы Тяньвань АЭС-інің 5 және 6-блоктарын тұрғызған. Ал оның алғашқы төрт блогын Ресейдің "Росатом" құрамындағы "Атомстройэкспорт" компаниясы салған.

CNNC Қазақстанның «Қазатомөнеркәсіп» компаниясымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мысалы, 2024 жылы CNNC-тің еншілес компаниясы Қазақстан шекарасына жақын Алашанькоу қаласында уран қоймасын салуды жоспарлаған.

EDF – Францияның мемлекеттік электр энергиясын өндіру және жеткізу компаниясы. Компания 67 атомдық реакторды басқарады. Олардың 56-сы Францияда, 9-ы Ұлыбританияда, 2-і Қытайда орналасқан (әлемдегі барлық АЭС-тердің жалпы қуатының шамамен 18 пайызы). Компания Францияда тағы 14 реактор салуды жоспарлап отыр.

Францияның EDF (Electricité de France) компаниясы 1946 жылы құрылған. 2024 жылдың шілде айында компаниясның бас директоры болып Люк Ремон тағайындалды.

EDF компаниясы әлемнің бірнеше елдерінде атом электр станцияларын салу және басқару жобаларына қатысқан. Мысалы, 1970 жылдары EDF компаниясы Оңтүстік Африка Республикасында Коберг АЭС-інің жобалау кезеңінде кеңесші қызметін атқарған. Бұл – осы елдегі алғашқы және жалғыз атом электр станциясы. Бірінші блок – 1984 жылы, ал екінші блок 1985 жылы іске қосылған.

2007 жылы EDF компаниясы Францияда «Фламанвиль 3» атом реакторының құрылысын бастау үшін келісім жасасқан. Алайда құрылыс жұмыстары бірнеше рет тоқтатылып, кейін қайта жалғасты. 2024 жылдың желтоқсан айында «Фламанвиль 3» реакторы ұлттық электр желісіне қосылды. Бұл жоба бастапқыда жоспарланған уақыттан 12 жыл кешіктіріліп, шығындар төрт есеге артқан. Құрылыс барысында құрылыс материалдарының сапасы мен қауіпсіздік стандарттарына сай болмауы сияқты мәселелер туындаған. 2022 жылдың желтоқсанында EDF үшінші блокты іске қосудың кейінге қалдырылғанын жариялады. Жаңа кесте бойынша жұмыс басталуы бастапқы жоспардан 6 ай кейін, 2024 жылдың бірінші тоқсанына ауыстырылған. Тиісінше, құрылыстың соңғы құны 13,2 миллиард еуроға дейін немесе бұрын болжанғаннан 500 миллион еуроға қымбаттайды. Ауыстырудың себебі бастапқыда ойлағаннан да күрделі болып шыққан қосымша жұмыстардың қажеттілігі деп айтылды.

«Росатом» мемлекеттік атом энергиясы корпорациясы — Ресей Федерациясының атом өнеркәсібіндегі 400-ден астам кәсіпорынды біріктіретін мемлекеттік холдинг. Уран қоры және өндіру көлемі бойынша әлемде бесінші орында, атом энергиясын өндіру бойынша әлемде төртінші орында, уранды байыту бойынша қызметтердің әлемдік нарығының пайызын және ядролық отын нарығының 16,3 пайызын бақылайды. «Росатом» 2007 жылы құрылған. Қазіргі уақытта корпорацияны Алексей Лихачев басқарады.

«Росатом» Үндістанның Тамилнад штатындағы Куданкулам АЭС-інің құрылысын жүзеге асыруда. Бірінші және екінші энергоблоктар 2013 және 2016 жылдары іске қосылды. Үшінші және төртінші блоктардың құрылысы жалғасуда.

2010 жылы Ресей мен Түркия арасында Аккую АЭС-ін салу туралы келісімге қол қойылған. Құрылыс 2018 жылы басталған. 2025 жылдың қаңтар айында Түркияның Мерсин провинциясында орналасқан Аккую атом электр станциясының бірінші энергоблокы іске қосылды. Бұл – Түркияның алғашқы атом электр станциясы.

2015 жылы Ресей мен Египет Эль-Дабаа АЭС-ін салу туралы келісімге қол қойды. Құрылыс 2022 жылы басталып, бірінші энергоблокты 2028 жылы іске қосу жоспарланған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Пікірлер