Ресей президенті Владимир Путин Федералдық жиналысқа жолдауын жариялау кезінде әр оқушы үшін 10 мың рубль мөлшерінде бір реттік төлем төлеу туралы жариялады. Путин ата-аналардың балаларын мектепке дайындауға мүмкіндіктері болуы үшін төлем тамыздың ортасында төленетін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
«Еңбек нарығы және азаматтардың қолда бар нақты табысы міндетті түрде қалпына келтіріледі, біз одан әрі қарай жүреміз, бірақ бұл әлі орын алған жоқ. Осыған байланысты мен мектеп жасындағы балалары бар отбасыларға тағы бір реттік төлем жасауды ұсынамын, яғни барлық мектеп оқушылары үшін 10 мың рубль көлемінде бір реттік төлем тағайындалсын. Сонымен қатар, бұл шараны болашақ бірінші сынып оқушыларына, биыл мектепке баратын балаларға да кеңейту жоспарлансын. Ата-аналардың балаларын мектепке дайындап үлгеруі үшін біз тамыздың ортасында төлем жасаймыз», - деді Путин мырза.
Қазіргі валюта бағамымен 10 мың рубльді теңгеге шаққанда 60 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, президент 1 шілдеден бастап, толық емес отбасында өсіп жатқан 8 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға айына 5650 рубль көлемінде төлем жасауды бұйырды. Тағы Президент бала туылғаннан үш жасқа дейінгі кезеңге 11 300 рубль мөлшерінде төлем енгізді.
Қазақстанда мұндай қалыптасқан жүйе жоқ. Мектепке дайындық барысында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету, "Мектепке жол" акциялары ұйымдастырылса да, мемлекет тарапынан барлық оқушыға бірдей материалдық көмек көрсетілген емес.
"Адырна" ұлттық порталы