Италияда 500 мыңға жуық жұмысшы наразылық шеруіне шықты

2831
Adyrna.kz Telegram
Фото: АР
Фото: АР

Италияда жұмысшылардың мүдделері ескерілмеген бюджет жобасының бекітілуіне қарсы ауқымды ереуіл өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Елдің негізгі қалаларында 500 мыңға жуық жұмысшы қатысқан 43 бейбіт шеру ұйымдастырылды. Наразылық 8 сағаттық ереуіл түрінде болды. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік органдар мен көлік саласын қамтыды.

ANSA агенттігі ең ірі демонстрация Болоньяда өткенін хабарлады. Шеру барысында Италия жалпы еңбек конфедерациясының (Cgil) басшысы Маурицио Ландини сөз сөйлеп, үкіметке жұмысшылардың талаптарын орындауға шақырды.

Кәсіподақтардың дерегінше, ереуілді елдегі жұмысшылардың 70%-дан астамы қолдады. Шара барысында тек Туринде полициямен қақтығыстар болғаны мәлімденді.

Италияда сағатына 9 еуро болатын ең төменгі жалақы шегін орнату үшін ұзақ уақыт бойы күрес жүріп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер