Қаржы агенттігі Перизат Қайратқа қатысты тағы бір деректі жариялады

923
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тағы бір деректі жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚМА хабарламасында:

«2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды.

2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қайрат «Sensata Plaza» элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге «Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic» жаңа автокөлігін сатып алды.

Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де «Rolex», «Prada» және «Fendi» брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды», — делінген агенттіктің мәлімдемесінде.

Бұл эпизод бойынша ҚМА Перизат Қайраттың 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. Тергеу жалғасуда.

«Егер сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10 мекен-жайы бойынша немесе +7 (7172) 70-84-78 телефон нөмірі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарласуыңызды сұраймыз», — деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, Қазақстанның пара үстел теннисі федерациясы Перизат Қайраттың ұсталуына және оған қатысты тергеудің басталуына байланысты ұйым президенті қызметінен босатылған болатын.

Пікірлер