Астана қалалық соты Перизат Қайраттың екі айға қамауға алынғанын хабарлады

1012
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram/01pk
Фото: instagram/01pk
Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі Перизат Қайраттың екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомство 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен бұл өтініш қанағаттандырылды.

"2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарының күдікті Перизат Қайрат-қа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші келіп түсті", - делінген Астананың тергеу сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге деректер жарияланбайтыны мәлімделді.

Пікірлер