“Ұрлығы үшін оқудан шыққан”. Перизат Қайратпен “бірге оқыдым” деген әйел желіде ақпарат таратты

1006
Adyrna.kz Telegram
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Желіде күдікке ілінген Перизат Қайратқа қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген ерікті Перизат Қайратпен “бірге оқыдым” деген әйел адам желіде видео жариялады.

Оның сөзінше, ол Перизатпен бір колледжде оқыған. Сондай-ақ, видео жүктеген әйел адам Перизаттың жатақханада телефон ұрлап, оқудан шыққанын айтқан.

Бейтаныс бойжетеннің видеосы Instagram желісіндегі abdulla_kz парақшасында жария болды. Онда бейнедегі қыз эстрада-цирк колледжінде Перизат Қайратпен бірге оқығанын айтқан.

“Сол кезде Ақтаудың колледжінен 2-курсқа Қасенғалиева Перизат деген қыз ауысып келді. Бір жарты жылға жетпейтін аз уақыт ішінде оның артынан жатақханада телефон, камераларды ұрлап, соның ақшасымен күн көретіні туралы әңгіме тарайды. Ол қызды кейін тіпті оқудан шығарып жіберді. Кейде сол қыз қайда кетті екен деп ойлайтын едім”, – деді ол.

Ол желідегі ақпаратқа мән бермегенін де айтты.

“Кейін ТикТоктан бір қайырымдылық қордың басшысы ұсталып жатыр екен деген ақпаратты көрдім. Бірақ мән беріп қараған жоқпын. Өткізіп жібердім. Кейін қараймын деп жүріп, ұмытып кетіппін. Бүгін менің мұғалімімнен хабарлама келді. “Мынау бізде оқыған Қасенғалиева Перизат пе?” деп сұрапты. Ашып қарасам дәл өзі екен. “Ауру қалса да, әдет қалмайды” деп халық бекер айтпайды екен ғой. Студент кезінде сол ұрлығы үшін оқудан шығарып жіберіп еді, енді қазір бүкіл Қазақстан білетіндей ұсталып жатыр”, – деп қорытты ол.

Айта кетейік, Астана қалалық соты Перизат Қайраттың екі айға қамауға алынғаны туралы хабарлаған болатын.

Пікірлер