Тоқаев пен Назарбаевтың ұқсастықтары мен айырмашылықтары

7080
Adyrna.kz Telegram

 

Тәуелсіздік таңы атқалы ел тізгінің қолға алып, 28 жыл бойы жақсы-жаман басшы бола білген Елбасы Назарбаев пен Қазақстан дипломаттарының көшбасшысы, Мемлекет президенті Тоқаевтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына арнайы сараптама жасадық.

Көшбасшы мен қос басшы. Екі әулет

Сонымен, басынан бастайық. Н.Назарбаев өнер сүйген, өлең сүйген қарапайым ғана отбасынан шықса, Қ.Тоқаев ауқатты жанұядан. Әкесі белгілі қазақ жазушысы болса, анасы шет тілдер педагогикалық институтында қызмет жасаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кім білімді?

Н.Назарбаев 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын аяқтаса, Қ.Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Демек, заманға сай өлшейтін болсақ, қайсысы саяси білімді екенін бағамдай беріңіз.

 

(Қ.Тоқаевтың студенттік шағы)

 

Жұбайлары

Н.Назарбаевтың жұбайы — Сара Алпысқызынан Дариға, Дәрия, Әлия атты үш қызы болса, Қасым-Жомарт Тоқаев ажырасқан. Оның бұрынғы әйелі Надежда Давыдовнадан Тимур есімді жалғыз ұлы бар.

 

Қ. Тоқаевтың әйелі Надежда Давыдовна

 

 

Тәжірибе

Н. Назарбаев саясатта бас-аяғы 12 жыл жүріп президенттікке келсе, Қ. Тоқаев 20 жылдық саяси тәжірибеге ие.

Арыстағы апат. Кім, қалай көмектесті?

Сәйкесінше, соңғы орын алған оқиғаларға тоқталсақ, Арыстағы апат ел тарихында 4 рет қайталанған. Оның үшеуі Н.Назарбаевтың тұсында орын алды. Елбасы 3 апатта да "Жарылыс қоспасы аптап ыстықтан жарылған болуы мүмкін, қауіпсіздік техникасы ережелерін өрескел бұзылған" деп табиғаттың ісіне балаған. Және робототехникалар арқылы адам ресурстарын жұмылдыруды барынша азайту туралы тапсырма бергізді. Ал Қ.Тоқаев ұстазының дара жолын қайталап, қорғаныс, ішкі істер министрлері мен Түркістан облысының әкіміне әскери бөлім қоймасындағы оқ-дәрі жарылысының зардаптарын жою туралы (әдеттегідей шешімсіз) шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Алайда халықты апат орталығынан ол да, елбасы секілді суырып шығара алмады. Бірақ Қ. Тоқаев дәл осы оқиғада аздаған айырмашылық танытты. Ол Арысқа жарылыс болған түні-ақ қос өкпесін қолына алып, жетіп барған еді.

Латын әліпбиі

Н. Назарбаев 2017 жылы 12 сәуірде латын әліпбиіне көшу туралы шешім қабылдаған болатын. Қ. Тоқаев Мемлекет президенті лауазымына ие болғанда, бұл туралы шешімге өзгерістер енгізіле ме, деген жүректе жылт еткен үміт пайда болған еді. Алайда Қ. Тоқаев 2017 жылы-ақ қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесін қос қолдап қолдай жөнелген.
Есірткімен айналысатындарға кім қатаң шара қолданды?
2018 жылдың 19 желтоқсанында Сенаттың отырысында Тоқаев есірткі бизнесімен айналысатын қылмыскерлерге қатысты сот тергеуін өмір бойы түрмеге қамау және өлім жазасына кесуге дейін қатаңдатуды ұсынды. Ал Елбасы Елорда арқылы өтетін астыртын есірткі трафигінің жолын кесу, заңсыз есірткі айналымының деңгейін төмендету және онымен байланысты қылмыстарды бейтараптандыру деген секілді қарапайым дүниелермен ғана шектеліп қалған.

 

Үш тілділік Назарбаевқа керек. Тоқаевқа ше?

Ал тіл мәселесіне келгенде Н. Назарбаев бесіктегі баладан еңкейген қартқа дейін үш тілді білуді міндеттесе, Қ. Тоқаев: "Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек", – деп, ағылшынның аса бір маңызды емес екенін атап өткен. Біреу білер, біреу білмес, Н. Назарбаев қазақ пен орыс тілін жетік білсе, Қ. Тоқаев орыс, қытай, ағылшын, франсуз және қазақ тілін меңгерген.

Жолдаудағы парық

Ал күні кеше ғана 2-қыркүйекте өткен жолдауда Елбасы ұзыннан ұзақ дастанға айналдырған жер дауына нүкте қойды. Митингке рұқсат та берді. Елбасы аса қатты мән бермеген зорлық-зомбылық мәселесінде жазаны күшейтетінің де айтып қалды. Ұқсастықтары екеуі де орыс-қазақ тілінде жолдады.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер