3,5 млн халыққа — 58,1 млн бас мал. Моңғолияда мал саны өсті

367
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nOEsg5Cg87LEI6qUyc2PIsJTAg88toqf4VDyO0om.jpg

2025 жылдың соңына қарай Моңғолиядағы жалпы мал басы 58,1 млн басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 445,1 мың басқа немесе 0,8%-ға артты. Бұл туралы елдің ұлттық статистика комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алдын ала деректерге сәйкес, жылқы саны ең көп өсім көрсеткен. Ол биыл 5,1 млн басқа немесе 9,5 пайызға артқан. Ірі қара саны 5,4 млн басқа жетіп, 7,2 пайызға көбейген. Түйе саны 501,3 мың басқа дейін өссе (4,3%), ешкі саны 23,2 млн басқа жеткен (1,1% өсім). Ал қой саны биыл 23,9 млн бас болып, өткен жылмен салыстырғанда 2,6% пайызға азайған. Жалпы мал басының құрылымында қой 41,1%, ешкі 39,9%, ірі қара 9,4%, жылқы 8,8%, түйе 0,9%үлеске ие.

Өңірлер бойынша ең көп мал басы Хөвсгөл аймағында тіркеліп, 5,3 млн басқа жеткен. Одан кейін Өвөрхангай5,1 млн, Архангай4,4 млн, Баянхонгор4,2 млн, Тув аймағы4,1 млн бас. Мал саны Өмнүгов, Сухбаатар, Баянхонгор, Архангай, Хэнтий, Дорноговь, Дундговь, Хувсгул, Дорнод, Говьсүмбэр, Завхан аймақтарында және Ұланбатырда 10 300-ден 325 000 басқа дейін артқан. Ал Сэлэнгэ, Увс, Ховд, Говь-Алтай, Баян-Өлгей, Дархан-Уул, Тув, Орхон, Булган және Өвөрхангай аймақтарында мал саны 6 300-ден 354 500 басқа дейін қысқарған. Елдегі ең көп мал басы Хэнтий аймағындағы Өмнөдэлгэр сомонындатіркеліп, 532,1 мың басты құраған.

Сондай-ақ, ел бойынша тіркелген 313 мың малшының 58%-ы немесе 182,8 мыңы — ерлер, 130,2 мыңы — әйелдер екені анықталды. Малшылардың 22%-ын 35 жасқа дейінгі жастар құрап отыр.

Моңғолияда халық саны 3,5 миллионды құрайды.

Пікірлер