Кинология – қызықты қызмет!

783
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі сұхбатымыз Ұлттық ұланында қызмет етіп жүрген кинолог-маман кіші сержант (топ бастығы) 5571 әскери бөлімінің 1 жедел мақсаттағы батальонының жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының кинология қызметі мамандар тобының бөлініс бастығы Әліпбек Құрманбек жайлы болмақ. 

Әліпбек Құрманбек Қарағанды  облысы, Абай ауданының  тумасы. Бүгінде 2018 жылдан бастап алып мегаполисте орналасқан 5571 әскери бөлімінде қызмет етеді. Отан алдындағы борышын өтей салысымен, 2011 жылы келісімшарт бойынша 6505 әскери бөліміне қызметке орналасқан. Содан бері Ұлттың мүддесі үшін еңбек етіп келеді.

Бұл өмірдегі адамға қойылатын ең басты талаптың бірі – адами асыл қасиеттерді бойыңа сіңіру. Мен ата-анамның ізгілік, кішіпейілділік, мейірімділік, адамгершілік секілді қасиеттерін сіңіре білдім. Сол кісілердің арқасында қанатым қатайды, Отанға деген сүйіспеншілігім артты. Жалпы өмірде адамдардың имандылығын, ұқыптылығын бағалаймын.

- Әскери салаға қалай, қашан келдіңіз? 

- 2009 жылы әскер қатарына шақырылып, мерзімдік қызмет сарбазы атанып, өзімнің отан алдындағы борышымды өтеп шықтым. Отан алдындағы қызметімді Тараздағы шекара отрядында өтедім. Онда кинолог қызметінде болдым. Әскер қатарындағы қызметімді болашақ өмірімен байланыстырып, 2015 жылдың желтоқсан айында құқықтық тәртіп әскерінің 5571 әскери бөліміне тыл қызметінде іс жүргізуші маманы болып келісімшарт бойынша қызметке орналастым. Кейін араға бір жыл салып 2016 жылы Қаракемердегі оқу орталығынан білім алып келгеннен кейін кинология қызметіне ауыстым. Бүгінде қарамағымда алты әскери қызметшісі бар кинология тобын басқарып отырмын. Осы жолды таңдағаныма ешқашан өкінбеймін. Ал оған менің ата-анам әрқашан сеніммен қарап, демеп отырады. 

- Қызметтік итіңіз туралы кеңірек әңгімелеп беріңіз. Қанша итіңіз болды? Иттерді қалай баптайсыз? Қандай тәсілдермен жаттықтырасыз? 

Тоғыз жылдық қызметімде өзім жеке үйреткен үш итім болды. Қазіргі қызмет етіп жүрген итім «Ройя» деп аталады. Ол белгиялық овчаркалардың малинуа деген түріне жатады. 

Кинолог болу – өте қызық кәсіп. Қызмет уақытымда өзіме бекітілген итімді жаттықтырамын, серуендетемін, күтіп-баптаймын, тұрған орнын тазалап, оның дұрыс тамақтануына көңіл бөлемін. Дегенмен, иттермен күнделікті жаттығу жасап тұру қажет. Біз жаттығудың көбіне ойын әдісін қолданамыз, Тәтті беріп еркелетеміз. Ит – өте сезімтал жануар. Ол иесінің көңіл күйін сезіп тұрады. Иесіне өте адал. 

 Қазіргі қызметтік итім осындай жаттығулардың арқасында еңбегімді ақтап адал қызмет етуде. Бірнеше республикалық жарыстардан жүлделі орындарды иелендік. Төрт аяқты сенімді серігім – қазір күш қуаты тасыған қызметтік ит. 

- Өз итіңізбен бірге қызметте қандай көрсеткіштерге қол жеткіздіңіздер? Мысалмен айтып берсеңіз. Қылмыскерді ұстауда, жоғалған адамды іздеуде немесе есірткі заттарын табуда және тағы басқа атап өтерлік қандай оқиғалар болды? 

- Бірінші итім «Барыс» әскерге 8 жыл қызмет етіп, «зейнетке» шыққан. Неміс овчаркасы қызмет еткен жылдары түрлі қылмыстардың ашылуына ат салысты. Алматыға ауысқанға дейін сол итпен қызмет атқардым. Жақсы жағынан көзге түсіп, жарыстардан үнемі жүлделі орындарға ие болатынбыз. Ол қызметтік ит патрульдік ізге түсуші ит болатын. Қызмет атқару барысында адам өлтіру фактісі бойыншы қылмысты ашты. Полция бізден көмек сұрап, итті ізге салдық. Сол қылмыс жасаған жерден 800 метр ара-қашықтықта тығылып отырған жерінен қылмыскерді таптық. Әскер көлемінде өткен жарыстарға қатысып, алғыр ит ретінде талай жүлделерді де жеңіп алдық. 

Ал Ройямен екі рет жарысқа қатыстым. Екі жарыста да үшінші орынға ие болдық. Біздің бағытымыз жарылғыш заттарды іздеу. 

Одан кейін «Рой» есімді итпен топ бастығы болғанға дейін жұмыс жасадым. Бұл иттер жарылғыш заттарды іздейді. Мұндай иттермен бірінші жұмыс істеген кезде біз итті алдымен күшік кезінен бастап таңдаймыз. Допқа қызғушылығы бар ма, типі қандай соны ескереміз, іздейміз. Ол холерик пе, сонгвиник пе соны анықтаймыз. Екіншіден, үйрету барысында итті ойнату арқылы жұмыс істеп, оны қорқытып алмауымыға тырысамыз. Одан кейін жайлап иіске үйрету әдістерін қолданамыз. Ит 1 жасқа толғаннан кейін жарылғыш заттардың иісіне қойылады. Мәсенлен әртүрлі жарылғаш заттардың иісі бар. Төрт аяқты сенімді серік толық қызметтік ит болып саналу үшін 7-8 иісті толық сезіп ажырата білуі керек. Екі жастан кейін осындай күтіп баптау үйретулердің нәтижесінде ит қызметке дайын болады.

- Қызмет пен отбасы қатар жүреді. Өзіңізге қолдау көрсетіп жүрген отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз?

- Жұбайым Ақбөпе Бегімбетова мен 2013 жылы шаңырақ көтердік. Содан бері Алла берген екі ұл, екі қызды тәрбиелеп отырмыз. Қызым Раяна 9 жаста. Одан кейін Нұртілек жеті жаста, Рамазан 4 жаста, балабақшаға барып жүр және 8 айлық  Айым есімді қызым бар. Мен оқу-жаттығуларға кеткен кезде үйдегі бала-шағама ата-анам бас көз болып отырады. Үйдегі жарым да қас-қабағыма қарайды. Мені түсініп, үнемі сыйлап отырады.  

- Ұл балаларды тәрбиелеп отыр екенсіз. Балаңыз әке жолын қуып, әскери боламын деген таңдау жасаса, қалай қарайсыз?

- Әрине, егер әскер жолын таңдап жатса, қуана қабылдаймын. Баламның таңдауын әрқашан қолдаймын! «Әке көрген оқ жонар» демекші, ұлым мен үйге келген кезде әскери киімдерімді киіп алып ойнайды. «Әке, мен өскенде полковник боламын» - дейді. Болашақта балаларымнан үлкен үміт күтемін. Отан қорғау – абыройлы іс. Абыройлы істі абыроймен алып жүргенге жететін дүние жоқ. 

- Сұхбатыңызға рақмет! Қызметіңізге табыс тілеймін!

 Аяулым Мадиканова





Пікірлер