Қазақстанда Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды

1246
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда орман қорын қорғау және күзет қызметі құрылды, деп хабарлайды "Адырна” ұлттық порталы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Премьер-Министр Олжас Бектенов Орман шаруашылығын қорғау қызметін құру туралы үкімге қол қойды», - делінген хабарламада.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы жаңа Республикалық азаматтық қорғау қызметі ТЖ кезінде, оның ішінде ормандағы өртті сөндіру барысында орман шаруашылығы мекемелерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ормандағы өртке қарсы іс-қимыл ормандарды көбейтуге және ағаштарды кесуге ғылыми тәсілді, сондай-ақ кешенді алдын алу шараларын қабылдау мен тиісті құзыреттерді дамытуды қажет етеді. Бөлек қызмет құру қажеттілігі осындай талаптардан туындап отыр.

Орман қорын күзету және қорғау қызметінің құрылуы мемлекеттік органдардың алапат орман өрттеріне қарсы күрес шараларын үйлестіруін жақсартуға, тиісті мекемелерді техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ табиғи өрттердің алдын алу және оларды сөндіру үшін білікті кадрлар құрамын жасақтауға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

Қазақстанда 15 республикалық азаматтық қорғау қызметі бар. Оларға: өртке қарсы қызмет, медициналық қызмет, химиялық қорғау қызметі, инженерлік қызмет, радиациядан қорғау қызметі, ұлттық гидрометеорологиялық қызмет және т.б. кіреді.

Пікірлер