Бейбіт күндегі қаза: Алматы облысында әскери қаза болды

3770
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық әскери қызметші парашютпен секіруді орындау барысында қаза тапты, төтенше жағдай 14 қыркүйекте Алматы облысында болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

- 2021 жылғы 14 қыркүйекте Алматы облысында парашютпен секірудің жоспарлы оқу-жаттығу орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, 1990 жылы туған  "капитан" шені бар әскери атағы бар офицер қаза тапты.  Басқа жеке мәліметтер туыстарының өтініші бойынша жария етілмейді - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше,  қаза тапқан сарбаз бұған дейін 50-ге жуық парашютпен секіру тапсырмаларын орындап, штаттан тыс парашютпен құтқару тобының мүшесі болған.

- Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына тиісті көмек көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдайды - деп толықтырды ведомство.

Өлім себептері мен оқиғаның мән -жайы анықталуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер