Көкпардан кейінгі дау. Қазақстан туын жыртқан қырғызстандық кешірім сұрады

1159
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24kg
Фото: 24kg

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының көкпар сайысынан кейін әлеуметтік желіде қазақ халқын балағаттаған қырғызстандықтардың  бейнесі тарап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

24kg арнасының мәліметінше, кей азаматтар ұсталған. Әлеуметтік желіде ер адам ауыр жүк көлігінің кабинасынан Қазақстан туын жұлып алып тастап жатқан видео жариялаған.

Видеоның 21 жастағы авторы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жеткізіліп, әңгіме жүргізді. Ер адам екі халықтан кешірім сұраған.

"Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұдан кейін арандатушылыққа бой алдырмауға және спорттық ойындар төңірегінде қақтығыстарды үдетпеуге, тоқтатуға шақырады. Бұл екі елдің бауырластық және достық қарым-қатынастарына нұқсан келтіруі мүмкін", – деп ескертті Қырғызстанның барлау қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы көкпарда Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, ел қоржынына алтын медаль салған болатын.

Пікірлер