Елордада «Бүркітші» атты жаңа мурал пайда болды

1155
Adyrna.kz Telegram

Елорда Бейбарыс Сұлтан көшесінде пайда болған «Бүркітші» атты жаңа муралмен безендірілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жаңа мурал 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында қалада өтетін Дүниежүзілік көшпенділердің ойындарына арналған. Оның биіктігі - 16 метр.

Бүркітті аспанға ұшырған бүркітшы ер адам бейнеленген мурал көшпелі ойындардың басталуын білдіреді. Суреттің фонында көшпенділердің көркем жерлері, көшпелі өмір бостандығы мен мәдени дәстүрді бейнелейтін таулар мен киіз үйлер бар.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - бұл этникалық спорт түрлеріне арналған халықаралық спорттық жарыстар.

Оған Мәдени мұра мен көшпелі өмір рухын жеткізетін Орталық Азияның көшпелі этностарының халықтық ойындары кіреді.

Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Пікірлер