Көкпардан ұлттық құрама АҚШ командасын жеңді

602
Adyrna.kz Telegram
Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясы
Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ-тан келген көкпаршыларды 12-4 есебімен жеңді. Бұл туралы Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық пораталы.

“АҚШ құрамасының ойыны бұрынғыға қарағанда дұрысталып қалған. Кеше көкбөрі ойнаған құрамы бүгін көкпар ойнады. Ертең жартылай финалда Ресей көкпаршыларымен кездесеміз. Тобымызда бес құрама болған соң финалға дейін үш кездесу өткізуіміз керек болды. Ал басты қарсыласымыз Қырғызстан бүгін Түркияны жеңсе финалға шығып тұр”, – деді көкпардан ұлттық құрама бас бапкері Абылай Манкеев.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия  және Түркия.

Айта кетсек, финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

Пікірлер